Malim.kz
Әлем

Зеленский Абу-Дабидегі келіссөздердің нәтижесіне пікір білдірді

Арман Қайыпхан
Фото: Ukrainian Presidential Office/AFР

Украина президенті Владимир Зеленский Абу-Дабиде өткен Украина, Ресей және АҚШ өкілдерінің екі күндік келіссөздерін оң бағалады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тараптар көптеген маңызды мәселені талқылап, әңгіме конструктивті форматта өткен.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, келіссөздер барысында соғысты аяқтаудың ықтимал параметрлері мен Украинаға қажетті қауіпсіздік кепілдіктері басты назарда болды. Делегациялар кездесуден кейін өз елдерінің басшылығымен алдағы қадамдарды келісіп, келесі кездесудің күн тәртібін айқындауды жоспарлап отыр.

Президенттің сөзінше, егер тараптар алға жылжуға дайын болса, келесі кездесу келесі аптада өтуі мүмкін. Украина бұл бағытта диалогты жалғастыруға әзір екенін атап өтті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары