Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ делегациясымен Майами қаласында телефон арқылы «ұзақ әрі мазмұнды» келіссөз өткізді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Әңгіме Украина тарапынан Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров және Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал Андрей Гнатовтың қатысуымен өтті.
Зеленскийдің айтуынша, тараптар Ресеймен бейбіт келісімге қол жеткізуге бағытталған келесі қадамдарды талқылады. Келіссөз барысында қантөгісті тоқтату, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін болдырмау және Мәскеудің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мәселелері қозғалған.
Президент екі тарап алдағы әрекет ету форматын келісіп, байланыс жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, «барлық мәселені телефон арқылы талқылау мүмкін емес» екенін айтып, украин делегациясынан толық есеп күтетінін жеткізді.