Malim.kz
Әлем

Зеленский АҚШ-пен келіссөздің келесі кезеңін жариялады

Айбын Атабай
Анадолу

Украина делегациясы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздің жаңа кезеңіне қатысу үшін АҚШ-қа аттанды, деп мәлімдеді Владимир Зеленский. Келіссөз 21 наурызда өтеді, деп хабарлайды DW. 

Владимир Зеленский кешкі сөзінде қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздің келесі кезеңі 21 наурызда өтетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Киевтің келіссөз тобы АҚШ-қа аттанып үлгерді. 

— Америка тарапынан қолданыстағы келіссөз форматтары аясында жұмыс істеуге дайын екені туралы сигналдар келіп түсті, — деді Зеленский.

Ол қақтығысты тоқтату бойынша дипломатиялық күш-жігерде үзіліс орнағанын, бірақ енді «оны тоқтату уақыты келгенін» растады.

— Біз келіссөздің шынымен мазмұнды болуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Украиналық команда — келіссөз тобының саяси бөлігі жолға шықты, біз осы сенбіде Америка Құрама Штаттарында кездесу өткенін күтеміз, — деп жалғастырды Украина президенті.

Келіссөз тобына Умеров, Буданов және Арахамия кіреді.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, сол күні ол делегация мүшелері — Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚКК) хатшысы Рүстем Умеров, Президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов және парламенттегі «Халық қызметшісі» фракциясының төрағасы Давид Арахамиямен еліссөзді егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан басқа, кездесуге ПК басшысының бірінші орынбасары Сергей Кислица қатысады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары