Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Флорида штатында өткен кездесулерден кейін Еуропамен кең форматта консультациялар өткізу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стеремен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Telegram-арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, АҚШ-тың Флорида штатындағы, нақтырақ айтқанда Майами қаласында өткен кездесулер «жеткілікті түрде жедел» өткен. Зеленский келіссөздер барысында еуропалық өкілдердің де қатысқанына назар аударып, тараптар арасында сындарлы диалог болғанын атап өтті.
«Қазіргі уақытта Америкадағы дипломатиялық жұмыс аяқталған соң, еуропалық серіктестермен неғұрлым кең шеңберде консультациялар жүргізу қажет деген ортақ түсінік бар», – деп жазды Украина президенті.
Зеленскийдің сөзінше, мұндай кеңестер Украина төңірегіндегі жағдайды үйлестіру мен алдағы дипломатиялық қадамдарды нақтылау үшін маңызды. Ол еуропалық серіктестермен өзара іс-қимылдың жалғасатынын және келіссөздерде конструктивті ұстаным сақталатынын атап өтті.