Вашингтонның басымдықтары өзгеріп жатқандықтан, бұл Киевке көрсетілетін америкалық қолдаудың одан әрі әлсіреуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы ұзаққа созылған соғысы Киевке көрсетілетін америкалық қолдауды одан әрі әлсіретуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол 5 сәуір, жексенбі күні Стамбул қаласына сапары барысында Associated Press агенттігіне берген сұхбатында айтты.
«Біз бүгін АҚШ үшін басым бағыт емес екенімізді мойындауымыз керек. Сондықтан Ирандағы соғыс ұзаққа созылса, бізге көрсетілетін қолдау азая ма деп алаңдаймын», – деді Зеленский.
Оның айтуынша, Украина бастапқыдан-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері – Patriot кешендері мен оларға қажетті зымырандарды жеткілікті деңгейде ала алмаған. Егер Ирандағы соғыс жақын арада аяқталмаса, Украинаға бөлінетін көмек пакеті «күн сайын азая береді», деп есептейді ол.
Сұхбат барысында Зеленский АҚШ-тың Ресей мұнайына қатысты санкцияларды әлсіретуінен Мәскеу Таяу Шығыстағы соғыстан экономикалық пайда көріп отырғанын да атап өтті.
«Ресей осы жағдайдан қосымша табыс тауып отыр, яғни иә — олар үшін бұл тиімді», – деді ол.