Malim.kz
Әлем

Зеленский бейбіт келісім жайында: «Территория мәселесі – ең күрделісі»

Арман Қайыпхан
Фото: POOL / AFP VIA GETTY IMAGES

Украина президенті Владимир Зеленский Париждегі кездесуден кейін Франция президенті Эммануэль Макронмен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында АҚШ ұсынған Украинаға арналған бейбіт жоспардың үш тармағы ең көп талқылау тудырып отырғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ашық айтайын: территория мәселесі – ең күрделі. Қалпына келтіруге арналған қаржы – менің ойымша, еуропалық серіктестердің қатысуынсыз бұл өте қиын, өйткені ақша Еуропада. Бұл онша әділетті емес сияқты көрінеді. Және қауіпсіздік кепілдіктері мәселесі бар — ол өте маңызды. Нақты АҚШ тарапынан, нақты Еуропа тарапынан», — деп жазады «Украинская правда» Зеленскийдің сөзін.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары