Malim.kz
Әлем

Зеленский президенттерді Мәскеудегі парадқа бармауға шақырды

Айбын Атабай
Reuters

Ресей Қорғаныс министрлігі 8 мамыр сағат 00:00-ден 10 мамыр сағат 00:00-ге дейін ресейлік әскерлер майдандағы атысты тоқтатып, Украина аумағындағы нысандарға соққы жасамайтынын мәлімдеді. Осылайша әскери ведомство Ресей билігі жариялаған Жеңіс күнін мерекелеу кезіндегі бітімді растады, деп хабарлайды Malim.kz Би-би-си басылымына сілтеме жасап. 

Владимир Зеленский Ресей әрекеттеріне «айна-қатесіз» жауап беретінін айтып, шетелдік көшбасшыларға Мәскеудегі парадқа бармауға кеңес берді.

Ресей әскери ведомствосы ресми түрде 8 мамыр түн ортасынан бастап оның әскерлері майдандағы «барлық әскери әрекеттерді толық тоқтататынын» жариялады.

«Сонымен қатар Украина Қарулы күштерінің орналасқан жерлеріне және әскери-өнеркәсіп кешені мен қарулы күштерге қатысты инфрақұрылым нысандарына зымыран әскерлері мен артиллерияның, теңіз және әуе базасындағы алыс қашықтыққа дәлдігі жоғары қарулардың, соққы беруші дрондардың шабуылдары тоқтатылады», - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Ведомство сондай-ақ «украин тарапы да осы үлгіні ұстануға» шақырды.

Егер Украина бітімді бұзса, Ресей армиясы «тиісті жауап береді» деп уәде етті. Әскери ведомство мәлімдемесінде Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова сәрсенбі күні айтқан қоқан-лоққыларды қайталады. Онда «Мәскеудегі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеуді бұзу әрекеті болған жағдайда Киевтің орталығына жаппай зымыран соққысы жасалатыны» айтылған.

«Киевтің бейбіт тұрғындары мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлеріне қаладан дер кезінде кету қажеттігін тағы да ескертеміз», — делінген мәлімдемеде.

Зеленский не деді?

Бейсенбі кешінде Украина президенті үндеу жариялап, Киевтің 6 мамыр түн ортасынан бастап тыныштық режимін енгізуді ұсынғанын еске салды. Алайда Ресей бұл ұсынысқа ресми түрде жауап бермей, украин қалалары мен майдандағы әскери күштерге соққы жасауды жалғастырғанын айтты.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары