Malim.kz
Әлем

Зеленский Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Арман Қайыпхан
Фото: depositphotos.com/Ale_Mi

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты аяқтау үшін Ресей басшысы Владимир Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz «Украинская правдаға» сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ол бұл туралы 3 маусым күні НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рюттемен бірге өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біз келіссөз жүргізушілерімізге қатысты америкалық тараппен тұрақты байланыстамыз. Келіссөздер тобының келуін күтіп отырмыз, бірақ менің ойымша, бұл тым ұзаққа созылып жатыр. Өкінішке қарай, қазір АҚШ үшін Украина басты назарда емес – олар үшін Иран мәселесі бірінші орында тұр. Өкінішке қарай, біз осы соғыстардың кезегінде қалып отырмыз», – деді Зеленский.

Ол қақтығысты реттеуде АҚШ маңызды рөл атқара алатынын атап өтті. Зеленскийдің айтуынша, Киев келіссөздер үдерісіне АҚШ пен Еуропаның қатысуын қолдайды.

«Біз кез келген форматты қолдаймыз. Мен бұл соғысты аяқтау үшін Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайынмын. Әлемдегі барлық қақтығыстар аяқталып, бізге кезек келгенше күтудің қажеті жоқ», – деп түсіндірді Украина президенті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары