Malim.kz
Әлем

Зеленский: Ресей күзде мобилизацияны кеңейтуді жоспарлап отыр

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Украина президенті Владимир Зеленский барлау мәліметтеріне сүйене отырып, Ресей билігі 2026 жылдың күзінде мобилизациялық шараларды кеңейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, маусым айынан бері Воронеж облысында 30 мыңға дейін солтүстіккореялық әскери қызметкерді қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Зеленский КХДР Ресейге баллистикалық зымырандарға арналған жаңа ұшыру қондырғыларын беруі мүмкін екенін айтты.

Алайда «мобилизацияны кеңейту» дегеннің нақты нені білдіретінін Зеленский түсіндірмеді. Ресей тарапы бұл мәлімдемелерге әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары