Malim.kz
Әлем

Зеленский: Ресей шынайы дипломатияға дайын емес

Арман Қайыпхан
Фото: Ukrainian Presidential Press Service/REUTERS

Украина АҚШ ұсынған Донбасста бітім жасалған жағдайда еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) құру жоспарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтепе жасап.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, аталған жоспарды іске асыру Ресей тарапынан да симметриялы қадамдарды талап етеді және Украина ішінде кең талқылауды қажет етеді.

Зеленскийдің сөзінше, әскерлер шегінгеннен кейін азат етілетін аумақтарда құрылуы мүмкін аймақ арнайы құқықтық және салықтық режим бойынша жұмыс істейді. «Форматы күрделі, бірақ әділетті», – деп атап өтті ол.

Украина президенті сондай-ақ балама сценарийді де атады. Ол – әскерлерді шегіндірмей-ақ атысты тоқтату, ал даулы мәселелерді кейін дипломатиялық жолмен шешу. Алайда Зеленскийдің пікірінше, Ресейдің әрекеттері Кремльдің шынайы дипломатияға дайын еместігін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар Зеленский Украина ешқашан оккупацияланған аумақтарды ресейлік деп мойындамайтынын, тіпті болашақта ол жерлерге толық егемендік қалпына келтірілсе де, бұл ұстаным өзгермейтінін айтты. Оның айтуынша, аумақтық ұсыныстарға қатысты украин тарапы өз пікірін америкалық командаға жеткізген, енді АҚШ арқылы Мәскеуден жауап күтуде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары