Malim.kz
Әлем

Зеленский Ресейді «ядролық терроризмді» тоқтатуға шақырды

Арман Қайыпхан
Фото: Petros Karadjias/AP Photo/dpa/picture alliance

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді «ядролық терроризм» жасады деп айыптап, халықаралық қауымдастықты Мәскеуді мұндай шабуылдарды тоқтатуға мәжбүрлеуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап. 

Мәлімдеме 26 сәуір — Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығында жарияланды.

Зеленскийдің айтуынша, Ресейдің «Шахед» дрондары Чернобыль АЭС аумағының үстінен үнемі ұшып өтеді. Оның сөзінше, 2025 жылы солардың бірі қираған төртінші реактордың үстіндегі қорғаныс конфайнментіне соққы жасаған.

Украина басшысы 1986 жылғы апат салдарынан қоршаған ортаға көп мөлшерде радиоактивті заттар таралғанын, оның зардабын жүздеген мың адам әлі күнге дейін тартып келе жатқанын еске салды.

Ол қираған реактордың үстіне алдымен саркофаг, кейін 40-тан астам мемлекеттің қаржыландыруымен жаңа қорғаныс конфайнменті салынғанын атап өтті.

«Дәл осы екі нысан радиацияның таралуы мен ластанудан қорғайды. Оларды күтіп ұстау және қорғау — баршаға ортақ мүдде», — деді Зеленский.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары