Malim.kz
Әлем

Зеленский: Украина Ресейге «Фламинго» зымырандарымен соққы жасады

Арман Қайыпхан
Фото: dpa

Украина қарулы күштері Ресей аумағындағы нысандарға соққы беру кезінде украиналық «Фламинго» зымырандарын қолданған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шамамен 900 шақырым қашықтықтағы соққы Самара облысындағы «Роскосмос» құрамына кіретін «Прогресс» орталығына жасалған. Сонымен қатар, Зеленскийдің сөзінше, соққы Нижегород облысындағы ресейлік зымыран тасымалдаушы ұшақтар орналасқан «Саваслейка» аэродромына және Ленинград облысындағы Усть-Лугадағы мұнай нысанына да тиген.

Зеленский операцияға қатысқан Украина қарулы күштерінің бөлімшелеріне алғыс айтып, алыс қашықтыққа арналған соққылардың мақсаты Ресейдің әскери әлеуетін азайту екенін атап өтті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары