Malim.kz
Әлем

Зеленский: Украинада Британия мен Франция әскерлері болуы тиіс

Арман Қайыпхан
Фото: Office des Präsidenten der Ukrainе

Украина Президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік кепілдіктері ел аумағында Ұлыбритания мен Франция әскери контингентін орналастыруды қамтуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Киевте «қалаулылар коалициясы» елдері қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен кездесуден кейін өткен брифингте айтты.

Зеленскийдің сөзінше, коалицияға төрағалық ететін Британия мен Францияның әскери қатысуы міндетті, ал өзге еуропалық елдер де әскер жіберуі мүмкін. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттерде мұндай шешім парламенттің қолдауын талап ететіні атап өтілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары