Malim.kz
Әлем

Зеленский: Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін

Арман Қайыпхан
Фото: Украина президентінің кеңсесі

Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт келісім аясында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазір — жылдағы ең белсенді дипломатиялық күндердің бірі. Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін, біз соның бәрі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Алайда шешімдердің қабылдануы серіктестерге байланысты. Украинаға көмектесіп отырғандар мен Ресейге қысым жасап, ресейліктерге өз агрессиясының салдарын сезіндіретіндерге байланысты», — деп жазды Украина президенті.

Кеше Зеленский Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесті, ал жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізеді. Кездесуге еуропалық серіктестер онлайн форматта қосылады.

Зеленскийдің айтуынша, осы аптада ғана Ресей әскерлері Украинаға 2100-ден астам соққы жасайтын дрон, шамамен 800 басқарылатын авиациялық бомба және әртүрлі үлгідегі 94 зымыран ұшырған.

«Мұның бәрі халқымызға, өмірге және оның қалыпты жүруін қамтамасыз ететіннің бәріне қарсы бағытталған. Ең алдымен — энергетикалық инфрақұрылымымызға», — деп қосты Зеленский.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары