Malim.kz
Әлем

Зеленскийге тықыр таянды: Украина президенті өз орнын сақтап қала ала ма?

Қайсар Қанат
AP Photo / Peter Morrison. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің Украинадағы энергетикалық нысандарға соққы жасағанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Киев облысындағы кәсіпорындарға да соққылар жасалды. Бұл шабуылдардың басты нысанасы тағы да энергетика саласы болды", – деп жазды Зеленский.

Оның айтуынша, соққылар Днепропетровск, Чернигов, Запорожье, Одесса, Львов және Николаев облыстарының нысандарына тиген.

Киев режимінің басшысы мұнымен қатар Батыстан жаңа әскери көмек беруді және Мәскеуге қарсы санкцияларды күшейтуді қайта талап етті.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары