Malim.kz
Қоғам

Желіде "адамдарға мемлекет 432 мың теңге төлейді" деген ақпарат тарап жатыр

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға және жекелеген аурулары бар азаматтарға 432 500 теңге көлемінде біржолғы төлем берілетіні туралы хабарламалар таралып жатыр. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем көзделмеген. Құзырлы органдар азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Сарапшылардың түсіндіруінше, осындай мазмұндағы хабарламалар көбіне алаяқтардың айласы болуы мүмкін. Олардың мақсаты – азаматтардың жеке деректерін иемдену. Сондықтан бейтаныс сілтемелерге өтпеу және жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеу маңызды.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен жіберілетін SMS-хабарламалар арқылы және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады.

Әдейі жалған мәлімет тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары