Malim.kz
Қоғам

Желтоқсанның ызғарын бірге көрген ерлі-зайыптылардың тағдыры көпшілікті тәнті етті

Қайсар Қанат
politico.kz коллажы

Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік желіде жарияланған ерекше фотосурет жұртты бейжай қалдырмады, деп жазады Politico.kz.

Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңда болған ерлі-зайыптылардың жастық шағы мен бүгінгі өмірін салыстырған кадр көптеген қолданушылардың жүрегіне әсер етті.

Threads желісінде saiidastagram атын қолданатын автор әкесі Нысанбай Махсатхан мен анасы Құрақбай Клараның мұрағаттағы суреттерін бөлісті. 1986 жылдың қытымыр желтоқсанында ел намысын қорғап алаңға шыққан жастардың жалынды бейнесі мен олардың бүгінгі жарқын отбасылық шағы қатар қойылған.

Пост авторы жазбасында тарихты бағалай алмайтын кей замандастарына өкпесін білдіріп, тәуелсіздік оңай келмегенін еске салды.

"Әлі күнге дейін "Желтоқсан оқиғасы не берді? 1986-да болған нәрсе ғой, тәуелсіздікті 1991-де алдық емес пе?" деп айтатындар бар. Тарихты терең түсінбейтіндерге айтарым – төменде сол көтерілістің алдыңғы шебінде болған менің әкем мен анам тұр. Бұл – тарих. Бұл – ата-анамның әрі солармен бірге алаңға шыққан халықтың жеңісі. Бүгінгі демократиялық, егемен ел болуымыз – осы кісілердің ерлігі арқасында. Мен олармен шексіз мақтанамын", – деп жазды ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары