Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Е., И., А.-ға қатысты сеніп тапсырылған ақшалай қаражатты иемдену және талан-таражға салу, сондай-ақ оларды заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.
Алматы сотының мәліметінше, әуе компаниясында Е. мен И. менеджер, ал А.-ның департамент директоры бола отырып, 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ақшалай қаражатты иемденгені анықталды. Ұрланған қаражатқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алынған. Сотта айыпталушылар кінәларын мойындамады.
Сот үкімі:
И. мен А. ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ал Е. ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.