Malim.kz
Қоғам

Жеңіс күніне орай ардагерлер ұшақпен тегін ұшады

Сабина Асқарқызы
biletik.aero

Aeroflot әуе компаниясы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға тегін әуе билеттерін беру жөнінде арнайы акция ұйымдастырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бағдарламаға соғыс ардагерлері мен мүгедектері, фашистік концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары, сондай-ақ «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтар қатыса алады.

Акция Ресейде, ТМД елдерінде және Балтық елдерінде тұратын азаматтарға арналған. Қатысушыларға өзімен бірге бір серігін тегін алып ұшу мүмкіндігі де қарастырылған.

Тегін рейстер Ресей ішіндегі бағыттармен қатар Ресей қалаларынан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанға жүзеге асырылады. Бағдарламаға Rossiya Airlines, iFly және Aurora Airlines әуе компанияларының рейстері де кіреді.

Билеттерді 2026 жылғы 20 сәуір мен 12 мамыр аралығында Aeroflot кеңселері, өкілдіктері және уәкілетті агенттіктер арқылы рәсімдеуге болады.

Сонымен қатар тегін билет алған ардагерлерге екі адамға арналған эконом-класс санатындағы қосымша тегін ұшу сертификаты беріледі. Оны 2026 жылғы 12 маусым мен 2027 жылғы 15 сәуір аралығында пайдалануға болады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары