NASA Жерден көрінбейтін Айдың арғы бетінің бір бөлігін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Америкалық ғарыш агенттігі Instagram желісінде Artemis II миссиясы жіберген жаңа суретті жариялады.
«Айдың Жерге қараған бетінде оның алғашқы кезеңдерінде вулкандық белсенділік болған кезде пайда болған қара дақтарды байқауға болады. Лавалық ағындардың батыс жағында орналасқан үлкен кратер – бұл Шығыс теңізі (Море Восточное), диаметрі шамамен 600 миль (900 км-ден астам). Ол Айдың жақын және арғы бетінің шекарасында орналасқан. “Артемида-2” экипажы – оны толық көрген алғашқы адамдар», – деп мәлімдеді NASA.
Суретте Шығыс теңізінен сол жақта орналасқан аймақтың бәрі – Айдың арғы беті. Ай өз осінен Жерді айналу жылдамдығымен бірдей жылдамдықта айналатындықтан, біздің планетадан оның тек бір ғана жарты шары көрінеді.