Malim.kz
Қоғам

Жетісайда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалғандардың бірі есін жиды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Алғабас ауылындағы қанды өрттен аман қалғандардың жай-күйіне қатысты жаңа мәлімет берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шенеуніктің айтуынша, зардап шеккендердің бірі есін жиған. Үшеуі де – бір отбасының мүшелері: ер адам, оның жұбайы және қыздары.

"Бір науқас есін жиды. Үшеуінің де жағдайы тұрақты, бірақ әлі реанимацияда жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі науқастар емделіп жатқан ауруханамен тұрақты байланыста. Қажет болса, санавиация арқылы Астанаға көшіруге дайын", – деді Жолдасов.

Ол өрттің шығу себебі әзірге белгісіз екенін, нақты ақпаратты тергеу аяқталғаннан кейін полиция жариялайтынын айтты.

"101 нөміріне қоңырау таңғы 5:38-де түсті. Алты минуттан кейін өртсөндірушілер оқиға орнына жетті. Үш адам тірідей шығарылды, бірақ өкінішке қарай 12 адамды құтқару мүмкін болмады", – деді облыс әкімінің орынбасары.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары