Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың кулуарында Түркістан облысы, Алғабас ауылындағы қазалы өрттен аман қалған үш адамның жағдайына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Вице-министрдің айтуынша, жарақат алған екі ересек адамның жағдайы тұрақты.
"Зардап шеккендердің барлығы Шымкентке жеткізілді. Қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр", – деді ол.
Ал өрттен зардап шеккен баланың хәлі өте ауыр.
"Алматыдан арнайы дәрігерлер тобы қосылды. Олар жағдайды бақылап, емдеу процесіне үнемі түзетулер енгізіп отыр. Бұл жағдай министрліктің тұрақты бақылауында", – деді Тимур Сұлтанғазиев.
Еске сала кетейік, 18 қараша күні таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты үйден өрт шығып, салдарынан 12 адам қаза тапқан болатын. Олардың тоғызы – бала.