Malim.kz
Қоғам

Жетісу облысында қар құрсауында қалған екі азамат құтқарылды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Жетісу облысы Көктұма бекетінен 15 шақырым қашықтықтағы жолда қар құрсауында екі көлік тұрып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік ішінде екі адам болды. 

Оқиға орнына Ақши ауылының ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді.

Құтқарушылар күшімен азаматтар эвакуацияланып, қар құрсауынан қауіпсіз жерге шығарылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары