Malim.kz
Қоғам

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты: 5 адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

26 маусым кешке Жетісу облысындағы Алматы – Өскемен автожолының 432-шақырымында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары