Жетісу облысы, Көксу ауданында, Алматы – Өскемен автожолының 215-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Алғабас ауылы маңында 1 жүк көлігі мен 3 жеңіл автокөлік соқтығысқан.
ЖКО салдарынан 2 адам зардап шеккен. Құтқарушылар көлікте қысылып қалған 1 адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Оқиға орнында өрт шыққан жоқ.
ТЖМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.