Жетісу облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданында “Көшкентал – Қапал” автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы көліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы барып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Полиция қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп қосты полиция департаментінде.