Malim.kz
Қоғам

Жетісу облысында жолда қалған адамдар құтқарылды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Жетісу облысы Алакөл ауданында «Достық–Үшарал» автожолының 15-шақырымында жолда қалған азаматтарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жеңіл автокөлік техникалық ақауға байланысты қозғалысын жалғастыра алмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен Жетісу облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен екі адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеруге және автожолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары