Malim.kz
Қоғам

Жетісу облысындағы Айзаттың өлімі бойынша іс ертең сотта қаралады

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Ертең, 27 қарашада, Жетісу облысының сотында қоғам назарын өзіне аударған Айзаттың өліміне қатысты іс қарала бастайды, деп хабарлайды Malim.kz.

32 жастағы Айзат екінші сәбиіне жүкті болған. БАҚ мәліметінше, оның қасіретті қазаға ұшыраған сәтіне екі жастағы қызы куә болған. Күйеуі Айбар Жанболат қазір қамауда, ол бұған дейін Капал ауылының әкімі қызметіне үміткер болғаны белгілі.

Алғашында іс ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкелу) бойынша тергелген. Алайда марқұмның туыстарының талабынан кейін іс қайта сараланып, ауыр жаза қарастыратын бапқа ауыстырылды.

Айзаттың анасы Orda.kz-ке берген сұхбатында:

«Қарапайым адамға жасалмайтын азап… оны байлап, сүйреп, денесін сындырған…» – деп айтқан.

Туыстарының сөзінше, Айзат ауруханаға жеткізілгенде көз жұмғаны анық болған, оны жуындырған және киімін ауыстырған – яғни, өлімнің нақты себептерін жасыру әрекеті болуы мүмкін деген күдік бар. Марқұмның денесі ауыр азаптаудың іздерін көтерген.

Қоғам арасында бұл іс бойынша ақпараттың ашық болуы талап етіліп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, #НеМолчиKZ бірнеше күн ішінде екі жүзге жуық үндеу алған. Олар сот процесін онлайн-трансляциямен өткізуді талап етуде.

Ұйым істі тікелей жүргізбесе де, Айзаттың отбасына ақпараттық қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісуда «арқанға байлап, атпен сүйреген» деген күдікпен ер адам әйелін аса қатыгездікпен өлтрігені туралы жазған едік.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары