Malim.kz
Қоғам

Жетісу облысындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды

• Арман Қайыпхан

Алакөл ауданы Көкмойын шатқалында таулы жерлерде құрғақ шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды Malim.kz

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары тартылды: ТЖД мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 90 адам және 10 бірлік техника.

Әуеден сөндіру үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшақ жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жету қиын таулы жер күрделендiредi.

Өрт сөндірушілер өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Фото: ТЖМ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары