Malim.kz
Қоғам

Жетісуда тауда жоғалған турист табылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Жетісу облысының Ақсу ауданында бірнеше күн бойы тауда болған ер адамды ТЖМ құтқарушылары тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ер адам 19 тамызда тауға барып, екі күннен кейін оралуды жоспарлаған. Алайда үшінші күні байланысқа шықпаған соң, туыстары «112» қызметіне хабарласқан.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ мамандары мен «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Турист теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктікте, шатырдың ішінен табылды.

Оның жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар ер адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін таудың етегінде тұрған көлігіне дейін алып барған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары