Қаратал ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемелеріне жүргізген тексеріс нәтижесінде тиісті сертификаттары мен медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ мамандардың халыққа қызмет көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Прокуратураның қадағалау актілері негізінде ӘҚБтК-нің 424, 426 және 464-баптары бойынша барлығы 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде орталық аудандық аурухананың бас дәрігері және орынбасарларына жалпы 4 049 960 теңге айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, вакцинациялау ережелерін бұзғаны үшін ауылдық ауруханалардың 4 басшысына ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 157 280 теңге айыппұл тағайындалды.
Тексеру нәтижесінде 148 азаматтың құқығы қорғалды, оның ішінде 100-ден астамы – балалар.
Қадағалау шараларының қорытындысымен бюджетке 12,8 млн теңге қайтарылды.