Malim.kz
Қоғам

Жетісуда зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер әйелін ұрған

Айбын Атабай
Фото: opennews.kz

Жетісу облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығының заңгері әйеліне күш көрсеткені үшін 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, құқық бұзушылық жасаған кезде ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін "Жанұя" отбасын қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген.

Жәбірленушілердің құқықтарын қорғаумен байланысты кәсіби қызметіне қарамастан, ол өзі жұбайын ұрып-соққан.

Сотта мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен айыпталушыға 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастағаны туралы жазған едік. Ол 18 жастағы аяғы ауыр келіншегін моланың басына апарып соққыға жыққан. Әйел құрбысына жазған хабарламасында сол жақ бетінің қатты ұрғаннан ісіп кеткенін, сол сәтте соққы салдарынан толғатып ауруханаға түскенін айтқан.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары