Malim.kz
Қоғам

Жезқазған әуежайында Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонды

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Жезқазған әуежайында Ан-12 жүк ұшағына қатысты авиациялық оқиға тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бортта 10 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақ әуежайға штаттан тыс жағдайда қонған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің шассиінде ақау болған.

«Жезқазған Эйр» АҚ-ның бас директоры Нұрлан Лебаевтың айтуынша, авиациялық оқиға 2026 жылғы 10 шілдеде болған.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта әуежай аумағында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Осыған байланысты кейбір әуе компанияларының рейс кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жолаушыларға рейс мәртебесін өз әуе тасымалдаушысынан нақтылау ұсынылады», – деді Нұрлан Лебаев.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары