Malim.kz
Қоғам

Жезқазғанда екі жасар баланың басы пластик ыдысқа кіріп кетіп, шықпай қалған

Мадияр Қапанбек
ТЖМ

Жезқазғанда 2024 жылы туған баланың басы пластик ыдысқа кептеліп қалған. Оған көмек көрсету үшін құтқарушылар шақырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары жедел жеткен. Олар жағдайды бағалап, арнайы құралдың көмегімен пластик ыдысты абайлап кескен. Осыдан кейін бала қауіпсіз түрде босатылды.

"Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері жағдайды бағалап, арнайы құралдың көмегімен пластик ыдысты абайлап кесіп, баланы қауіпсіз түрде босатты", – делінген министрлік хабарламасында.

Оқиға салдарынан бала зардап шеккен жоқ. Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ өкілдері ата-аналарға балаларды ойын кезінде мұқият қадағалап, қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Бұл осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары