Malim.kz
Қоғам

Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесінде орналасқан трансформаторлық қосалқы стансада өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында өрттің басқа нысандарға таралуына жол берілмей, толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстары барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып жүргізілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары