Malim.kz
Қоғам

Жезқазғанда жеңіл көлік отқа оранды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Жезқазған қаласында Деева көшесінде жеңіл автокөліктің өртенуі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға туралы хабарлама жедел қызметтерге түскен бойда ТЖМ күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары