Malim.kz
Әлем

ЖИ-мен жасалған сурет желіні дүрліктірді

Ереке Базарқұл

IMAGE: ©EURONEWS

Неміс әлеуметтік желілерінде Берлин аспанында ұшып жүрген Путиннің суреті бар әуе шарының суреті тараған. Бұл туралы Euronews жазыпты.

Онда - Ресей президенті Ресей жалауының аясында бейнеленіпті.

IMAGE: ©EURONEWS

Шар Бранденбург қақпасының үстінде ұшып бара жатқанда түсірілген сыңайда.

Қалдырылған пікірлерде - шардың кәрзеңкесінде адамдар болғандықтан, полиция бұған түк істей алмағаны айтылған. Сонымен бірге, Путинге жақ пікірлер де жазылған. Біреулердің жазуынша, шарды көрген жұрт қол шапалақтап, қолдау білдірген.

Тексере келгенде, суреттің ЖИ-мен жасалғаны белгілі болды. Фотоға қырағылар әуе шары мен оның айналасының көлемінің арақатынасы жасанды сурет екенінен хабар береді дейді.

Алайда, жасанды сурет жүздеген пікір мен мыңдаған лайк жинап үлгеріпті.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары