Malim.kz
Қоғам

ЖИ қазақстандықтарға дағдыларына қарай жұмыс іздейді

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Еңбек министрлігі жұмыс іздеушілердің дағдылары мен тәжірибесін ескере отырып, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу үшін Электронды еңбек биржасына жасанды интеллект енгізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек нарығы барған сайын икемді болып келеді. Жұмыс берушілер ең алдымен адамның нені жақсы істей алатынына назар аударады. Сондықтан платформаға кәсіби және икемді дағдыларды ескеретін Дағдылар банкі енгізілді, — деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Николай Брюханов.

Платформа Skills.Enbek.kz жүйесімен біріктірілген. Соның арқасында өткен курстар мен алынған сертификаттар туралы мәліметтер пайдаланушылардың профилінде автоматты түрде көрсетіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары