Оңтүстік Таиланд аумағында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 40-тан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz. Khaosod басылымына сілтеме жасап.
Жол апаты 15 ақпанға қараған түні Транг провинциясында болған. Автобус Пхукет — Бетонг бағыты бойынша келе жатқан. Көлікте барлығы 52 жолаушы болған. 40-тан астам адам жарақат алды, олардың 10-ы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.
Бастапқы деректер бойынша, жүргізуші рөлде ұйықтап кетуі мүмкін. Полиция оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады.