Malim.kz
Экология

Жоңғар Алатауында қызыл кітапқа енген ерекше аю көрінді

Арман Қайыпхан

Тянь-Шань қоңыр аюы “Жоңғар Алатауы” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Тянь-Шань қоңыр аюы Халықаралық Қызыл кітапқа және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Ол сүтқоректілер класына жатады және қорықта теңіз деңгейінен 1500-3500 м биіктікте кездеседі.

Аюдың дене ұзындығы 1,5-2,2 м аралығында, ал салмағы 135-200 кг дейін жетеді.

Фото: видеодан скрин

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары