Malim.kz
Қоғам

Жұмыссыздық жыры: Қай салада бос орын көп?

Айгүл Таңатар
Ашық дереккөзден

2026 жылғы маусымда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 108,7 мың бос жұмыс орнын жариялаған. Жұмыс іздеушілер саны - 126,7 мың. Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 25,4%-ға, ал түйіндемелер саны 38,3%-ға артыпты, деп хабарлайды Malim.kz .

Платформадағы еңбек нарығы мамыр мерекелеріне тән маусымдық бәсеңдеуден кейін қайта жанданды. Жұмыс күшінің артуына еңбек нарығына оқу орындарының түлектерінің шығуы да ықпал етті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Салалар бойынша құрылымдайтын болсақ, жағдай мынадай:

- білім беру саласы - 19,2 мың бос жұмыс орны;

- өзге де қызметтер көрсету саласы - 16,5 мың;

- ауыл, орман және балық шаруашылығында - 12,1 мың;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласы - 9,5 мың;

- құрылыс - 8,4 мың;

- өңдеу өнеркәсібінде - 7,3 мың.

Өңірлік бөліністе ең көп бос жұмыс орны Түркістан облысында - 12,3 мың, Астана қаласында - 8,5 мың, Жамбыл облысында - 7 мың және Қарағанды облысында 6,7 мың жарияланды.

Жыл басынан бері платформада 604,4 мың бос жұмыс орны және 736 мың түйіндеме жарияланды.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары