Malim.kz
Қоғам

Жұмысын тоқтатқан Сенаттың ғимараты қандай мақсатта пайдаланылады

Айбын Атабай
Фото: Сенат

Сенаттың соңғы отырысынан кейінгі брифингте Мәулен Әшімбаев енді инфрақұрылым қалай қолданылатыны жөніндегі журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

— Инфрақұрылым туралы қазір нақты бірдеңе айту қиын. Бірақ өздеріңіз білесіздер, Құрылтайда 145 депутат болады. Екі палата бірігіп жатыр. Жаңа депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне инфрақұрылым қажет болады. Халық кеңесіне де әкімшілік ғимарат керек. Сол себепті, барлық инфрақұрылым өте тиімді пайдаланылады деп ойлаймын, — деді ол.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары