Malim.kz
Қоғам

"Жүрегінде қара дақ бар": Мөлдір Мұқанның әпкесі бар шындықты айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Таяуда әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген актриса және продюсер Мөлдір Мұқанды бауырлары үйіне шақырып, қолдау көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада үйге кіріп келе жатқан Мөлдірді ағайын-бауырлары оның өзі орындайтын «Арамызда қалсын бәрі» атты әнімен қарсы алғаны көрініс тапқан.

"Жүрегіндегі ауыртпалықтан, қара дақтан арылуға көмектескіміз келеді... Мөлдір бірде күліп, бірде жылап ортамызда отыр. Көңілін көтерейік, демеу болайық деп ағам мен жеңгемнің үйіне жиналдық. Мөлдір Мұқан деген атыңнан айналдық, адал жүрегіңнен айналдық. Қолдау білдіріп жатқан ағайын-туыс пен достарға Алла разы болсын", – деп жазды Мөлдірдің әпкесі Айгүл Түлкібайқызы.

Ол сонымен қатар бұл жағдайдан қоғамның да ой түюі керектігін атап өтті:

"Жақындарыңызға назар салыңыздаршы, бәлкім жүрегіне қаяу салып жүрген шығарсыздар. Қазақ қоғамында осындай бір рухани серпіліс Мөлдір арқылы болуы керек еді. Ол өз батылдығымен халықтың көзін ашып, отбасылық құндылық пен адалдықтың нағыз мәнін көрсетті", – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Айгүл Түлкібайқызы әлеуметтік желіде туған сіңлісі мен бұрынғы күйеу баласына қатысты бұрын айтылмаған шындықтарды бөліскен болатын.

"Қазір желіде бәрі Тұрсынбек пен Мөлдірді талқылап жатыр. Көпшілік Мөлдірге тілектес болып отыр. Мен оның тектілігін айтқым келеді: қанша қиындық көрсе де, Тұрсынбекті сыйлап, артық сөз айтқан жоқ. Ал біз, туғандары, талай нәрсені білеміз. Бірақ Мөлдір Тұрсынбектің абыройын сақтап, төмен түспеді. 14 жыл шыдады, себебі біздің әулет үшін отбасы – ең басты құндылық", – деп жазған еді ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары