Malim.kz
Қоғам

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Ботагөз Омарова жалған ақпарат тарату ісі бойынша күдікке ілініп, үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Malim.kz. BES.media-ға сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, сот шешімімен журналистке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған. Сонымен қатар, оның үйінде тінту жүргізілуі жоспарланғаны айтылды.

20 наурыз кешінде Омарова өзінің полицияда екенін жазған. Кейін Астана қаласының полиция департаменті оған қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Іс арыз негізінде қозғалған, ал Омарова бастапқыда қорғау құқығы бар куә ретінде жауап берген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары