Malim.kz
Құқық

Украинадан келген Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астанада ұсталып, қайта босатылды

Айбын Атабай
Facebook.com/@Рауль Упоров.

Украинадан қайтып келген қазақстандық журналистер Лұқпан Ахмедияров, Рауль Упоров, сондай-ақ олардың операторы Еркебұлан Ғапуовтың Астанада ұсталып, тексерістен кейін босатылды , деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап. 

Динара Егеубаева желідегі жазбасында Ахмедияровтың сөздеріне сүйене отырып журналистерге «әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты» оларды тексеріп жатқанын айтқан, өйткені олар «Еуропада және Украинада болған».

«Астанаға ұшып келгенде шекаралық бақылауда паспорттарымызды алып қойды. Бізді бөлек кабинетке кіргізді».

Кідірістің себебін сұраған Упоровқа  «Геосаяси жағдайға байланысты. Сіздер Украинада болғансыздар ғой?» деген жауап берілген.

Оның «Иә, бірақ не болды? Қазақстан Украинамен дипломатиялық қатынасты үзді ме?» деген сұрағына «Ол жақта соғыс жүріп жатыр» деп жауап берген тексеру қызметкері.

Журналист ол жаққа екінші рет барып отырғанын,  бірақ мұндай жағдай алғаш рет болып тұрғанын сұрағанда тексеру қызметкері олармен ҰҚК қызметкері әңгіме жүргізуі тиіс екенін айтқан. 

«Біраз отырдық, кейін бізді жіберді. Кешірім сұрап, «осылай болғаны үшін кешіріңіздер» деді. Не болып қалды? Неге бізді ұстады? Ешкім ештеңе түсіндірмеді. Паспорттарымызды қайтарды, жалпы біз кетіп бара жатырмыз»  деп жазды Упоров әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары