Malim.kz
Қоғам

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Берік Дәулетов

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров әуежайлардағы қызметтердің бағасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шай-пұл, ұсақ-түйекке қатысты әуежайдағы бағаларға, қызметтерге шағымдар түсіп жатыр. Бұл бағытта қазір азаматтық авиация комитетімен жұмыс істейміз. Бұл негізінен Алматы мен Астана қаласы бойынша түскен шағымдар, - деді ол.

Агенттік басшысының айтуынша, қазір олар тәуелсіз тасымалдаушыларға қол жеткізген.

Негізінен мұндай жоғары бағалар көрінбейді. Бірақ біз үшін басты көрсеткіш - бағалардың шамамен тең болуы, қаладағыдай. Әсіресе, Starbucks сияқты брендтер. Біз үшін бұл табиғи монополияларды реттеу комитетімен түйіседі, өйткені әуежайлар табиғи монополиялар. Олардың алаңдарына қол жеткізу тең, барабар бағалар болуы тиіс, - деді агенттік басшысы.

Фото: интернеттен

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары