Malim.kz
Шоу-бизнес

Жүсіп Ақшора арнайы марапатқа ие болды

Алуа Әшірбекова
Жүсіп Ақшора. Видеодан кадр: Intelligentno Qu

Қазақ әзіл-оспақ өнерінің танымал өкілі, актер Жүсіп Ақшора «Халықтың сүйікті әртісі» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Марапат "Intelligentno Qu" жобасы аясында табысталған. Шараны жас әзілкештер мен қазақтілді контент өкілдері ұйымдастырған.

Ұйымдастырушылар актердің қазақ юморы мен сахна өнерінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оған арнайы медаль мен куәлік тапсырды. Сондай-ақ дәстүрге сай Жүсіп Ақшораның иығына ақ шапан жабылған.

Актер өзіне көрсетілген құрмет үшін жас әріптестеріне алғыс айтып, өнердегі сабақтастық пен аға буынға құрмет көрсетудің маңызына тоқталған.

Айта кетейік, "Халықтың сүйікті әртісі" медалі мемлекеттік награда емес. Ол арнайы жоба аясында табысталған марапат.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары