Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы тұңғыш рет ана атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қуанышты жаңалықты Сымбат өз парақшасында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады:
“Сүйінші! Бүгін өміріміздің ең тәтті үні естіліп, жер бетіне менің кішкентай ханзадам келді. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз”, – деп жазды ол.
Белгілі болғандай, әншінің қызы ұл баланы дүниеге әкелген.
Еске салайық, Сымбат Абайқызы өткен жылы, небәрі 16 жасында тұрмыс құрған еді. Осы жаңалық көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Кейін ол жүкті болғанын жариялаған соң, тағы да жұрттың сынына ұшыраған.
Кейбір желі қолданушылары оның жүктілігін ашық көрсетуін сынға алып, түрлі пікір жазған:
«Бұрын қыздар мұндайды жасыратын еді»,
«Ақша үшін не істемейді»,
«Жап-жас қыз екіқабат болып жүр»,
«Әкесін ұятқа қалдырды», — деп пікір білдіргендер болды.