Malim.kz
Экология

Жылдың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: unsplash

Синоптиктер 31 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 31 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 31 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ: 31 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 31 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында, батысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Қостанай қ.: 31 желтоқсанда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 31 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Қонаев қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған қар, күндіз қар күтіледі. Жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде қар, күндіз қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с.

Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысықа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары