Буча мәселесін БҰҰ қарау керек - Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинаның Буча қаласынан Ресей әскері кеткеннен кейінгі жағдай туралы БҰҰ жанынан комиссия құру керегін айтты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 07.04.2022

«Бәріміз бұқаралық ақпарат құралдарынан да, әлеуметтік желілерден де Бучадағы және басқа да елді мекендерде болған жағдайды көріп жатырмыз. Бучадағы жағдай – үлкен трагедия. Украина тарапы геноцид деп айтып жатқанын естіп жатырмыз. Ал Ресей тарапы бұны істемегенін алға тартуда. Сол себепті халықаралық ұйымдардың аясында, БҰҰ ауқымында комиссия құрылады деген ойдамын. Сол комиссия объективті түрде жан-жақтан ақпаратты жинап, адамдармен кездесіп, сол жерге барып, халықаралық қауымдастыққа мәлімет бергені дұрыс. Бейбіт адамдар қаза болды. Сондықтан бұл жағдай «қалай болды, неге болды?» деген сұрақтар аясында халықаралық ұйымдардың қатысуымен анықталу керек», - деді Әшімбаев палатаның жалпы отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

Оқи отырыңыз: Украина Қазақстан үшін де соғысып жатыр - Арман Шораев

Сенат төрағасы мәселе халықаралық конвенциялар аясында қаралу керегін айтты. Қазақстанның осы жағдайға қатысты позициясына туралы сұраққа «Сыртқы істер министрлігінен сұрау керек» деп жауап берді. Және президенттің мақаласын алға тартып, «Украинаның территориялық тұтастығын сыйлаймыз», деді.

Оқи отырыңыз: Украинада тұратын қазақ: «Ұлым соғыста туды»

Айта кетейік, осыған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов Қазақстанның Қырымға және Донбассқа қатысты өзгерістерді мойындамайтынын және Украинаның тұтастығын сыйлайтынын айтқан еді. Кейіннен бұл сөзді Сыртқы істер министрлігі де растады.

Оқи отырыңыз: Зұлым орыс империясына ажал! - Алматы Украинаны қолдайды

Украинаның Киев облысы Буча қаласы бір ай Ресей әскерінің оккупациясында болған. 31 наурызда Ресей әскері қаладан кетіп, 1 сәуірде журналистер қалаға кіруге рұқсат алған. Қазірге дейінгі ақпаратқа сәйкес оккупация болған бір ай ішінде қалада 300-ден астам бейбіт адам ату жазасына кесілген. Олардың денесі қала көшелерінде шашылып жатқан. Украина қалада болған жағдайды геноцид деп атаса, Ресей өз әскерінің мұндай қылмысқа бармағанын және жағдайды Украинаның өзі ушықтырып отырғанын айтты.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.